KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 9 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Өскеменде атыс жаттығулары өтті

Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

24.01.2023, 15:55 310 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде бөлімшелердің жоспарлы атыс жаттығулары орындалды.

Қарулы Күштердің жауынгерлік жоспарына сәйкес Өскемен гарнизонындағы 27943 әскери бөлімнің жеке құрамы мамандықтар бойынша сабақтары аяқталып, оқу-жаттығу полигонында бөлімшелер мен есептоптардың, экипаждардың жауынгерлік атыс сабақтары өтіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жаттығулар барысында ұрыс жүргізу тәсілдері пысықталады. Мұндағы негізгі мақсат - далалық жағдайда практика жүзінде орындайтын бұл тактикалық даярлық сабақтарында бөлімшелердегі жеке құрам шартты нысаналарды атып жою нормативтері мен ұрыстағы әртүрлі іс-қимылдарын орындау.

Сонымен қатар, бөлімшелер кез-келген жағдайда табанды қорғаныс ұрысын жүргізу және жоғары қарқынмен шабуылдау тәсілдері кезінде техникалар мен ұрыс машиналарынан атыс жүргізу арқылы жорық легін сақтау әдістерін үйренеді.

 

Далалық сабақ барысында мотоатқыштар батальонының бөлімшелері атыс алаңында ұйымдастырылған шартты жау шоғырына шабуылдау атыс жүйесін өткізіп, оқу барысында алған білімдерін, сондай-ақ ұрыстың әртүрлі іс-қимылдарын көрсетті.

- Бүгін алғаш рет оқу-жаттығу полигонына келдік. Бөлімше командирі жауынгерлік бұйрықты жеткізді. Содан кейін іс-қимыл әрекетіне сәйкес тапсырмаларды орындауға кірістік. Оқу-жаттығу барысында ұрыс жүргізу тәсілдері  пысықталады, - деп өзінің алған әсерімен бөлісті қатардағы жауынгер Арыстанбек Мұхамедияр.

Жоспарлы сабақ ауа райының кез-келген жағдайында бөлімшелердің жоғары психологиялық және дене төзімділігін шыңдауға, әскери қызметкерлердің біліктілігін артыруға бағытталған. Сондай-ақ, барлау топтары мен есептоптар әуедегі қарсыластың шабуылдары кезіндегі және залалсыздандырылмаған ауданды жүріп өтудегі қимылдарды да меңгерді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив