KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Ұланда заманауи тұрғын үй кешені бой көтереді

шартты сурет

24.01.2023, 16:55 296 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында биыл тұрғын үй кешенін салуға байланысты ірі инвестициялық жоба жүзеге асады.

Бұл жобаның бір ерекшелігі, тұрғын үй кешенінің  жанына сауда, ойын-сауық және білім беру орталығы қатар орналасады, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Аудан әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, бұл нысан Қасым Қайсенов кентінде ұзақ жылдар бойы құрылысы аяқталмай  тұрған спорт кешені  ғимаратының орнына салынады.

«Бұл жобаны  жерлесіміз, кәсіпкер Есен Мейірбаев қолға алды. Бос тұрған ғимаратты қайта жаңартқаннан кейін аудан орталығының сәулеттік келбеті пайда болады. Мұнда уақытша, содан кейін тұрақты жұмыс орындары құрылады. Осылайша ауданда инвестиция тарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл – біздің алдымызда тұрған маңызды міндет», – деп жазылған аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив