KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Өскеменнен Алматыға шығатын жол төрт жолақты болады

шартты сурет

24.01.2023, 17:28 357 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығынан Алматыға шығатын жол төрт жолақты болады.

Меновной мен Қасым Қайсенов кентінің аралығындағы жолмен жүк көліктері жиі қатынайды. Тасжол дәл осы себепті кеңейтілмек, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Қала әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, 2023 жылы облыс орталығында көлік жолдарына қатысты бірнеше жоба жүзеге асады.

– Қасым Қайсенов кентіне дейін республикалық төрт жолақты жол жатыр. Ал Ұлан ауданының шекарасынан қалаға дейін – екі жолақты, әрі жолдың сапасы да төмен. Сондықтан облыс әкімінің тапсырмасы бойынша осы жобаны бастадық. Қаражат бөлінген. Мердігерлер жұмыс істеп жатыр, – деді Өскемен әкімі Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив