KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 2,2 м/с, З
444.32 473.33 4.76

ШҚО-дағы қауіпті жолдар анықталды

шартты сурет

25.01.2023, 11:35 386 Оразай Жеңісұлы

Ұлттық жол активтері сапасы орталығының мамандары қыстағы жолдардың жағдайын тексерді.

Өскемен – Алтай және Өскемен – Риддер тасжолын тексеру барысында өрескел заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Бұл жолдарда жүргізушілердің қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілмеген. Риддер бағытындағы жолдың бойындағы көліктер тоқтайтын орындардың қары күрелмеген.

Жалпы мамандары 2022-2023 жылғы қысқы маусымда республикалық және облыстық маңыздағы жолдарға 30 шақты рейд жүргізіп, жолды күтіп ұстауға қатысты 42 ереже бұзушылық анықтаған. Осы заңбұзушылықтарға байланысты мердігерлер мен тапсырыс берушілерге ұйғарымдар, хаттар жолданған.

Ұлттық жол активтері сапасы орталығы көктайғаққа қарсы жолға шашылып жатқан реагентті материалдарға да тексеру жүргізген. Зертханалық тексерулердің нәтижесінде бұл қоспалардың тиісті талаптарға сай екендігі анықталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив