KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да «Жер аманаты» комиссиясының жұмысы жалғасады

25.01.2023, 15:51 497 Оразай Жеңісұлы

AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты»  комиссиясының жұмысы жалғасады.

Комиссия отырысында өңірдегі пайдаланылмайтын және заңсыз берілген жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару жөніндегі 2023 жылға арналған жоспар қаралы, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

«Бүгінгі күні облыс бойынша 2023 жылы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару жоспары әзірленді, оны жергілікті атқарушы органдар ерікті түрде қайтару және уақытша жер пайдалану құқығының мерзімдерінің аяқталуы есебінен іске асыратын болады. Аталған фактілерді ескере отырып, ҚР АШМ-де 2023 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша жерді қайтару үшін 120 мың гектарға дейінгі аумақты оңтайландыру бойынша ұсыныстар жолданды» - деді облыстық жер қатынастары басқармасының басшысының орынбасары Дәулет Сарманов.

Айта кетейік, былтыр «Жер аманаты»   комиссиясы облыс бойынша пайдаланылмай жатқан 100,6 мың га жерді мемлекет меншігіне қайтарды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив