KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да ірі кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы өсті

25.01.2023, 16:36 310 Ләззат Қанатқызы

Өткен жылы өңірдің ірі кәсіпорындарында қызметкерлер жалақысы өскен.

Орта есеппен алғанда жалақы 20 пайызға көтерілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Өткен жылы өңірдегі 178 кәсіпорынның 173-і жалақыны көтерді. Өсім орта есеппен 24 пайызды құрады. Ал,орта кәсіпорынның 110-ында жалақы көтерілді. Өсімнің орташа деңгейі 18 пайызды құрайды, - деді ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Әбілқайыров.

Сондай-ақ ол өткен жылы облыстық үшжақты комиссияның, 48 қалалық және аудандық құқық қорғау органдарының қатысуымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссиялардың тоғыз отырысында жалақыны өтеу мәселелері қаралғанын атап өтті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив