ШҚО-ның көлік инфрақұрылымы саласында жүзеге асқан жобалар

ШҚО аумағында 2021 жылы көлік инфрақұрылымы саласында көптеген жобалар жүзеге асырылған болатын. Толық аяқталған жобалар тізімін ұсынамыз.
Нысандарды салу және қайта жаңғырту бойынша жобалар:
1. Өскемен қаласындағы әуежай кешенін қайта жаңғырту (1-кезек), құны – 11,4 млрд. теңге;
2. Өскемен қаласының әуежайын қайта жаңғырту (2-кезек), құны – 4,9 млрд. теңге;
3. Үржар ауданы, Үржар ауылындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын және аэровокзал ғимараттарын қайта жаңғырту, құны – 4,7 млрд. теңге;
4. Өскемен қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту, құны – 10,3 млрд. теңге;
5. Глубокое ауданының Прогресс ауылындағы көпір құрылысын жүргізу, құны – 140,4 млн. теңге.
Жол салу және жөндеу Республикалық маңызы бар жолдар:
1. Үржар ауданындағы «ТаскескенБақты» автожолын қайта жаңғырту (20 км), құны – 4,1 млрд. теңге;
2. Республикалық маңызы бар 185 шақырым жолды 6,8 млрд. теңге қаражатқа орташа жөндеуден өткізу, соның ішінде: - Семей – Қайнар (62 км), – 2,1 млрд. теңге; - Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас (56 км) – 2,6 млрд. теңге; - Омбы – Майқапшағай – Қалжыр – Марқакөл (18 км) – 0,4 млрд. теңге; - Өскемен – Алтай – Рахман қайнарлары (29 км) – 0,8 млрд. теңге; - Омбы – Майқапшағай (20,1 км) – 0,9 млрд. теңге.
Облыстық және аудандық маңызы бар жолдар:
Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды 4,3 млрд. теңгеге орташа жөндеу (РБ – 1,2 млрд. теңге, ЖБ – 3,1 млрд. теңге) жүргізілді.
1. Күршім ауданындағы «Үлкен Нарын – Күршім» автожолын орташа жөндеу (10 км), құны – 475 млн. теңге;
2. Үржар ауданындағы «Мақаншы – Жалаңашкөл» автожолын орташа жөндеу (20 км), құны – 500 млн. теңге;
3. Абай ауданындағы «Аягөз – Қарауыл – Семей – Қайнар» автожолын орташа жөндеу (11 км), құны – 277,5 млн. теңге;
4. Зайсан ауданындағы «Омбы – Майқапшағай – Шілікті – Ақжар» автожолын орташа жөндеу (20 км), құны – 500 млн. теңге;
5. Күршім ауданындағы «Күршім – Қалжыр» автожолын орташа жөндеу (15 км), құны – 350 млн. теңге;
6. Ұлан ауданындағы «Таврия – Каменка – Тройницкое» автожолын орташа жөндеу (10 км), құны – 368,1 млн. теңге;
7. Ұлан ауданындағы Желдіөзек ауылының кіреберіс жолын орташа жөндеу (2 км), құны – 72 млн. теңге;
8. Ұлан ауданындағы Казачье ауылының кіреберіс жолын орташа жөндеу (2 км), құны – 72 млн. теңге;
9. Катонқарағай ауданындағы «Согорное – Барлық – Ақсу» автожолын орташа жөндеу (14 км), құны – 350,3 млн. теңге;
10. Күршім ауданындағы «Күршім – Ақсуат – Жолнұсқау» автожолын орташа жөндеу (27 км), құны – 218 млн. теңге;
11. «Семей – Курчатов» автожолын орташа жөндеу (9 км), құны – 231,7 млн. теңге;
12. Көкпекті ауданындағы Тассай ауылының кіреберіс жолын орташа жөндеу (9 км), құны – 250,2 млн. теңге;
13. Көкпекті ауданының «Үлкенбөкен – Көкжайық – Үлгілімалшы» автожолын орташа жөндеу (14 км), құны – 392,9 млн. теңге.
Қалалар мен елді мекендердің көшелері:
1. «Өскемен – Семей» автожолының (Меновное ауылынан Ахмер ауылына дейінгі бөлігін қайта жаңғырту 4,2 км), құны – 2,9 млрд. теңге;
2. Өскемен қаласындағы Сәтпаев даңғылының Ертіс көпірінен Жібек жолы көшесіне дейінгі бөлігін қайта жаңғырту (1 км), құны – 0,9 млрд. теңге;
3. Өскемен қаласындағы 18 шақырым жолды орташа жөндеу, құны – 1,05 млрд. теңге;
4. Семей қаласының Қарағайлы шағын ауданындағы кварталішілік жолдардың құрылысын жүргізу (3,5 км), құны – 2,8 млрд. теңге;
5. Семей қаласының 37,4 шақырым көшесін орташа жөндеу, құны – 2,5 млрд. теңге;
6. «Ауыл – ел бесігі» арнайы бағдарламасы шеңберінде 32 елді мекендегі 148,4 шақырым көшені орташа жөндеу, құны – 3,7 млрд. теңге.