KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 8 м/с, З
445.66 474.58 4.78

Жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді – ШҚО

26.01.2023, 18:01 287 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да қыс мезгілі басталғалы бері 244 060 текше метр қар түсірілді.

Бүгін "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары "Өскемен-Алтай" автожолының 58-66 шақырымында жасанды жолмен қар көшкінін түсірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бүгін 2 жарылыс жасалып, нәтижесінде 3900 текше метр қар түсірілген. Ал, қыс мезгілі басталғалы бері 244 060 текше метр қар түсірілді.

- Тұрғындарға таулы аймақтара бармас бұрын ауа райы мен дауылды ескерту бар-жоғын анықтап алу керектігін ескертеміз. Қалың қар жауып, бұрқасын жел соққан уақытта таулы аймақтарға бару өте қауіпті. Егер төтенше жағдайға тап болсаңыз бірден 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив