Өскемен
+8°
облачно с прояснениями ветер 1 м/с, С
474.47 503.51 4.88

Бұрынғы аудан орталықтары дамытылуда - ШҚО

20.01.2022, 07:14 154 0 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-дағы бұрынғы аудан орталықтарының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарлары шеңберінде 2021 жылы жүзеге асырылған жобалар тізбегін ұсынамыз.

1. Серебрянка қаласы – 718,7 млн. теңге: - денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы – 652,5 млн. теңге; - бір пәтерлі 5 үй сатып алу – 63 млн. теңге; - абаттандыру – 2 млн. теңге; - кәсіпкерлікті дамытуға гранттар беру – 1,2 млн. теңге.

2. Шар қаласы – 213,9 млн. теңге: - кемпинг ашу (жеке инвестициялар) – 50 млн. теңге; - екі пәтерлі 5 үй сатып алу – 142,8 млн. теңге; - абаттандыру – 12,7 млн. теңге; - кітапхананың кітап қорын ұлғайту – 2 млн. теңге; - кәсіпкерлікті дамытуға гранттар беру – 6,4 млн. теңге.

3. Семей қаласының Қайнар ауылы – 2 387,5 млн. теңге: - республикалық маңызы бар «Семей – Қайнар» автожолын орташа жөндеу (62 км) – 2,1 млрд. теңге; - көшелерді орташа жөндеу (2 км), 2 су өткізу құрылыстары мен жүру бөлігінің қоршауларын орнату (150 м) – 102,8 млн. теңге; - екі пәтерлі 2 үй сатып алу – 56 млн. теңге; - абаттандыру – 12,9 млн. теңге; - мектепті жөндеу және материалдықтехникалық базасын нығайту – 48,3 млн. теңге; - мәдениет үйін жөндеу және материалдық-техникалық базасын нығайту – 52,9 млн. теңге; - кәсіпкерлікті дамытуға гранттар беру – 14,6 млн. теңге.

4. Бородулиха ауданының Жаңа Шүлбі ауылы – 1 687,4 млн. теңге: - астық кептіру кешенінің құрылысы – 1,5 млрд. теңге; - көше жарығын орнату (147 жарық нүктесі) – 29,5 млн. теңге; - көшелерді орташа жөндеуден өткізу (7,4 км) – 122,1 млн. теңге; - екі пәтерлі 1 үй сатып алу – 25 млн. теңге; - Мәдениет үйінің материалдықтехникалық базасын нығайту – 5 млн. теңге; - кәсіпкерлікті дамытуға гранттар беру – 5,8 млн. теңге.

5. Аягөз ауданының Баршатас ауылы – 88,5 млн. теңге: - көше жарығын жөндеу (17 жарық нүктесі) – 1,7 млн. теңге; - шағын футбол алаңын орнату – 10,2 млн. теңге; - демалыс саябағын жөндеу – 5,5 млн. теңге; - сумен жабдықтау нысандарын жөндеу (4 км) – 50 млн. теңге; - мектепке автобус сатып алу – 9,7 млн. теңге; - кәсіпкерлікті дамытуға гранттар мен несиелер беру – 11,4 млн. теңге.

6. Ұлан ауданының Бозанбай ауылы – 346,2 млн. теңге: - көше жарығын жөндеу (134 жарық нүктесі) – 25,5 млн. теңге; - абаттандыру – 50,3 млн. теңге; - көшелерді орташа жөндеу (7,45 км) – 162,3 млн. теңге; - екі пәтерлі 3 үй сатып алу – 84 млн. теңге; - кәсіпкерлікті дамытуға гранттар мен несиелер беру – 24,1 млн. теңге.

7. Ұлан ауданының Таврия ауылы – 697,7 млн. теңге: - көше жарығын жөндеу (67 жарық нүктесі) – 25,5 млн. теңге; - абаттандыру – 50,3 млн. теңге; - «Шығыс – Адалдық алаңының» «Ашық әкімдік» сервистік орталығын ашу – 9,2 млн. теңге; - көшелерді орташа жөндеу (6,44 км) – 189,5 млн. теңге; -аудандық маңызы бар «Таврия – Каменка – Тройницкое» автожолының 0-10 шақырымын орташа жөндеу – 320,9 млн. теңге; - екі пәтерлі 4 үй сатып алу – 88,2 млн. теңге; - аурухана қазандығын ағымдағы жөндеуден өткізу – 5 млн. теңге; - кәсіпкерлікті дамытуға гранттар мен несиелер беру – 9,1 млн. теңге.

8. Үржар ауданы Таскескен ауылы – 355 млн. теңге: - көше жарығын орнату (277 жарық нүктесі) – 30 млн. теңге; - аурухананы жабдықтау – 96,9 млн. теңге; - көшелерді жөндеу (2 км) – 57 млн. теңге; - студенттік жатақхананың қасбетін жөндеу – 15 млн. теңге; - екі пәтерлі 5 үйді сатып алу – 140 млн. теңге; - кәсіпкерлікті дамытуға гранттар мен несиелер беру – 16,1 млн. теңге.

9. Үржар ауданының Мақаншы ауылы – 3 261,3 млн. теңге: - су құбыры желілерін қайта жаңарту (120,2 км) – 2,6 млрд. теңге; - аурухананы жабдықтау – 312,4 млн. теңге; - жеке құрылыс салушылардан 21 пәтер сатып алу – 299,6 млн. теңге; - кәсіпкерлікті дамытуға гранттар мен несиелер беру – 49,3 млн. теңге.

10. Катонқарағай ауданының Катонқарағай ауылы – 297,6 млн. теңге: - жұмыс істеп тұрған оңалту орталығын кеңейту (жеке инвестициялар) - 120 млн. теңге; - кәдесый цехын ашу (жеке инвестициялар) – 5 млн. теңге; - 3 қонақ үй ашу (жеке инвестициялар) – 10 млн. теңге; - екі пәтерлі 7 үй сатып алу – 156,8 млн. теңге; - кәсіпкерлікті дамытуға гранттар мен несиелер беру – 5,8 млн. теңге.

11. Тарбағатай ауданының Ақжар ауылы – 171,8 млн. теңге: - шағын футбол алаңын жөндеу – 11 млн. теңге; - екі пәтерлі 9 үй сатып алу – 151,2 млн. теңге; - кәсіпкерлікті дамытуға гранттар мен несиелер беру – 9,6 млн. теңге.

12. Күршім ауданының Марқакөл ауылы – 335,1 млн. теңге: - көше жарығын орнату (86 жарық нүктесі) – 25,6 млн. теңге; - аурухананы жабдықтау – 98,8 млн. теңге; - көшелерді орташа жөндеу (3,6 км) – 53,1 млн. теңге; - екі пәтерлі 5 үй сатып алу – 151,2 млн. теңге; - кәсіпкерлікті дамытуға гранттар мен несиелер беру – 6,4 млн. теңге.

13. Көкпекті ауданының Самар ауылы – 650,9 млн. теңге: - дене шынықтыру және сауықтыру кешені құрылысы – 227,5 млн. теңге; - көше шамдарын орнату (416 жарық нүктелері) – 29,9 млн. теңге; - су бөгетін ағымдағы жөндеуден өткізу – 38,4 млн. теңге; - көшелерді орташа жөндеу (7,9 км) – 164,0 млн. теңге; - екі пәтерлі 5 үй сатып алу – 134,4 млн. теңге; - абаттандыру – 24,1 млн. теңге; - кәсіпкерлікті дамытуға гранттар мен несиелер беру – 32,6 млн. теңге.

154
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив