Шекаралық аудандарды дамыту аясындағы жобалар - ШҚО

ШҚО-дағы 5 шекаралық аудандарды (Зайсан, Күршім, Катонқарағай, Тарбағатай және Үржар) дамытудың кешенді жоспарлары аясындағы 2021 жылы жүзеге асырылған жобалар тізбесін ұсынамыз.
Күршім ауданы
1. Агроөнеркәсіптік кешеннің 35 жобасы бойынша (374 бас ІҚМ және 221 бас жылқы сатып алу) 211,2 млн. теңгеге кредиттер берілді;
2. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер құны 282,5 млн. теңге 57 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды;
3. Марқакөл ауылында «Нұралы» ш/қ базасында сүт өңдеу цехы ашылды, «Саят» ш/қ базасында жалпы сомасы 125 млн. теңгеге ТСФ ғимаратының құрылысы аяқталды;
4. «Бизнестің жол картасы-2025» шеңберінде 43 млн. теңгеге жобалар іске асырылды (мал сатып алу, айналым қаражатын толықтыру, сүт өңдеу цехын ашу);
5. 107,0 млн. теңгеге 3 азық-түлік дүкені ашылды (Күршім ауылында «BOLASHAK» және «Айдана», Қалжыр ауылында «Аsil» дүкені);
6. Көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 302,4 млн. теңгеге 10 екі пәтерлі тұрғын үй сатып алынды (Марқакөл ауылында – 5, Күршім ауылында – 3, Ақсуат ауылында – 2 үй);
7. Маралды ауылында су құбыры желілері салынды – 250 млн. теңге;
8. Төрт ауылда (Марқакөл, Қалжыр, Барақ батыр, Ақши) 63,1 млн. теңгеге көше жарығы орнатылды;
9. Жалпы сомасы 809,9 млн. теңгеге «Үлкен Нарын – Күршім» (82-93 км), «Күршім – Қалжыр» (15-30 км) автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді;
10. Марқакөл (3,6 км) және Қалжыр (1,6 км) ауылдарының көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді – 98,1 млн. теңге;
11. Марқакөл ауылдық ауруханасының перзентхана бөлімшесі құралжабдықтармен жабдықталды – 98,8 млн. теңге;
12. Бурабай ауылының айналма арнасы мен арық жүйесі қалпына келтірілді, ұзындығы 1 мың м, құны – 7,1 млн. теңге;
13. Бірлік ауылында ұзындығы 300 м жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді, құны – 2,1 млн. теңге.
Тарбағатай ауданы
1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер құны 1284,8 млн. теңге 70 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды;
2. «Елентай» кен орнына барлау жүргізілді, қуаты жылына 24 мың тонна бентонит ұнтақтарын өндіру зауытының құрылысына (іске қосу мерзімі – 2022 ж.) – 5,0 млн. теңгеге құжаттама дайындалды;
3. Таған кен орны әзірленді, 808,0 млн. теңгеге 48,0 мың тонна бентонит балшығы өндірілді (52 жұмыс орны құрылды);
4. «Ғылым» өңірлік бағдарламасы шеңберінде құрылыс материалдарының саудасы бойынша қолданыстағы бизнес 10,0 млн. теңгеге кеңейтілді;
5. «Бизнестің жол картасы-2025» аясында 9,5 млн. теңгеге 2 грант берілді;
6. Ақжар ауылында жалпы сомасы 200,0 млн. теңгеге сауда дүкені (50,0 млн. теңге), базар (150,0 млн. теңге) салынды;
7. Көпбалалы отбасылар және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 7 ауылда 554,4 млн. теңгеге 25 екі пәтерлі тұрғын үй сатып алынды (Ақсуат ауылында 11 үй, Ақжар ауылында 9 үй, Жаңаауыл, Маңырақ, Жетіарал, Құйған, Жалаңаш ауылдарында 1 үйден);
8. Ақсуат ауылында 1330,7 млн. теңгеге сумен жабдықтау желілері салынды;
9. Ақсуат және Ақжар ауылдарында 22,0 млн. теңгеге шағын футбол алаңдары орнатылды;
10. Үш ауылда 70 млн. теңгеге көше жарығы орнатылды (Маңырақ, Ойшілік, Көкжыра);
11. Қызылкесік ауылындағы көшелер абаттандырылып, тротуар төселді – 15,4 млн. теңге;
12. Байтоғас және Қарасу ауылдарында 11,6 млн. теңгеге шағын футбол алаңдары абаттандырылды;
13. 253,2 млн. теңгеге «Құйған ауылына кіреберіс» (13 км), «Құйған –Жалаңаш» (26 км) автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді;
14. Маңырақ, Көкжыра, Ойшілік ауылдарының көшелеріне 218 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді;
15. 360,1 млн. теңгеге 4 білім беру нысанына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді (Қабанбай, Жаңаталап, Сарыөлең ауылдарының мектептерінде және Көкжыра ауылындағы балабақшада);
16. Ойшілік және Қабанбай ауылдарындағы клубтарға 31,6 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді.
Зайсан ауданы
1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 295,2 млн. теңгеге 78 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды;
2. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде 154,9 млн. теңгеге (ірі қара малды өсіру жөніндегі қызметті кеңейту, нан-тоқаш өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және т.б.), «Ақ Ниет» бағдарламасы аясында 16 млн. теңгеге (айналым қаражатын толықтыру) бизнес-жобалар іске асырылды;
3. 117,0 млн. теңгеге 3 сауда нысаны пайдалануға берілді;
4. Зайсан қаласында 626,3 млн. теңгеге 60 пәтерлі тұрғын үй және оған инженерлік желілер салынды;
5. Зайсан қаласында көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 867,7 млн. теңгеге 31 екі пәтерлі бір қабатты үй сатып алынды;
6. Зайсан қаласында 125,8 млн. теңгеге екі пәтерлі 30 тұрғын үйге инженерлік желілер салынды және абаттандыру жүргізілді;
7. 39,0 млн. теңгеге 5 ауылда (Қабырға, Сәтбай, Кәкенталды, Дауал, Аққойын) су тазартушы блокты-модульді станциялар орнатылды;
8. Зайсан қаласында балалар ойын, спорт алаңдары орнатылып, 55,4 млн. теңгенің аумағы абаттандырылды;
9. Айнабұлақ, Дайыр және Қарабұлақ ауылдарына 81,1 млн. теңгеге көше жарығы орнатылды;
10. «Омбы – Майқапшағай – Шілікті – Ақжар» автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізілді – 500 млн. теңге;
11. Айнабұлақ, Дайыр және Қарабұлақ ауылдарындағы көшелерді жөндеу аяқталды – 306,3 млн. теңге;
12. 2 мектепте 16,9 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (Зайсан қаласы мен Жамбыл ауылында).
Катонқарағай ауданы
1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер құны 1290,0 млн. теңгеге 78 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды;
2. 78,0 млн. теңгеге агроөнеркәсіптік кешеннің 3 жобасы іске асырылды (ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, ІҚМ сатып алу);
3. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 3 жоба субсидияланды, 7 жоба кепілдендірілді, 104,6 млн. теңгеге гранттар берілді;
4. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде Қатонқарағай ауылында («Хабба Проект» ЖШС) пластик және ағаш бұйымдарын өндіру қызметі кеңейтілді, 40,0 млн. теңгеге профлист өндіру бойынша цех («Строй Е» ЖШС) ашылды;
5. Үлкен Нарын ауылында «Руслан» дүкені кеңейтілді, Приморское ауылында дүкен ашылды – 45,0 млн. теңге;
6. Өрел ауылында демалыс базалары, Берел ауылында дәмхана, Үлкен Нарын ауылында 1 435,0 млн. теңгеге автожанармай құю станциясы («Әлем Ойл» ЖШС) салынды;
7. Жұмыс істеп тұрған «Ұзақ өмір сүруді оңалту орталығы» («Беловодье AST» ЖШС) бизнесін және Катонқарағай ауылындағы қонақ үйлерін кеңейту жүргізілді – 130,0 млн. теңге;
8. Катонқарағай ауылында 3,0 млн. теңгеге кәдесый цехы ашылды;
9. Үлкен Нарын ауылында 30 пәтерлі тұрғын үй және оған инженерлік желілер салынды – 281 млн. теңге;
10. Көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 380,2 млн. теңгеге екі пәтерлі 17 тұрғын үй сатып алынды (Үлкен Нарын ауылында – 10, Катонқарағай ауылында – 7);
11. Ақсу, Шыңғыстай, Аршаты, Солоновка ауылдарында 1292,4 млн. теңгеге су құбыры желілері мен құрылыстары қайта жаңартылды;
12. Жамбыл ауылындағы су құбырына 19,0 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді;
13. Свинчатка, Құндызды, Өрел ауылдарында (шекара бөлімшесі) 25,5 млн. теңгеге блокты-модульді су тазарту станциялары орнатылды;
14. Үлкен Нарын ауылындағы «Алтайэнерго» шағын ауданын және 10 көппәтерлі тұрғын үйді 82 млн. теңгеге абаттандыру аяқталды;
15. Топқайың, Өрел, Үлкен Нарын ауылдарына көше жарығын орнату және Коробиха, Барлық ауылдарына 76,1 млн. теңгеге көше жарығын ағымдағы жөндеу жүргізілді;
16. «Согорное – Барлық – Ақсу» автомобиль жолына, Топқайың, Өрел ауылдарындағы көшелерге және Солоновка ауылындағы көпірге 504,3 млн. теңгеге орташа жөндеу жүргізілді;
17. Үлкен Нарын ауылындағы орталық аудандық аурухана ғимаратына және Жаңаүлгі, Қабырға, Қайыңды ауылдарындағы медициналық пункттерге 246,6 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді;
18. Балғын ауылындағы клуб ғимаратының ағымдағы жөндеуі 32,3 млн. теңгеге аяқталды;
19. Үлкен Нарын ауылындағы мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығының ғимаратын күрделі жөндеуге 3,9 млн. теңге жобалықсметалық құжаттамасы әзірленді;
20. Коробиха ауылы маңындағы Бұқтырма өзенінде жағалауды нығайту жұмыстары және Үлкен Нарын ауылы маңындағы Мальчат өзеніне арнаны тереңдете отырып арнаны түзету жұмыстары жүргізілді – 32,9 млн. теңге.
Үржар ауданы
1. Алакөл көлінің жағалауында 157,1 млн. теңгеге медициналық және полиция пунктінің ғимараты салынды;
2. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 12,5 млн. теңгеге 4 грант берілді (Үржар ауылында балалар ойын орталығын ұйымдастыру, Ақжар ауылында жартылай фабрикаттар өндірісі үшін);
3. «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде 140,6 млн. теңгеге 6 жоба іске асырылды (туризмді дамытуға 50,0 млн. теңгеге 2 жоба, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге «АКК» АҚ арқылы 20,6 млн. теңгеге 4 жоба);
4. 248,0 млн. теңгеге 8 жаңа сауда объектісі ашылды;
5. Таскескен ауылында 10,0 млн. теңгеге техникалық қызмет көрсету станциясы салынды;
6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер құны 2025,6 млн. теңгеге 183 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын сатып алды;
7. Агроөнеркәсіптік кешеннің 711,8 млн. теңгеге 8 бизнес-жобасы іске асырылды (ауыл шаруашылығы техникасын, жаңбырлатқыш қондырғыларын сатып алу, асыл тұқымды мал сатып алу, бордақылау алаңын кеңейту);
8. Көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 26 екі пәтерлі тұрғын үй және 3 ауылда 747,6 млн. теңгеге 1 пәтер сатып алынды (Мақаншы – 10 үй, Таскескен – 5 үй, Үржар – 11 үй);
9. Мақаншы ауылындағы су құбыры желілері қайта жаңартылды – 646,1 млн. теңге;
10. Бақты, Ақжар, Жоғарғы Егінсу, Елтай, Шолпан ауылдарында жалпы сомасы 1 658,1 млн. теңгеге су құбыры желілері салынды;
11. Төрт ауылда (Бұғыбай, Қызылбұлақ, Благодатный, Қарабұйрат) және 2 шекара заставасында (Подгорное, Шағантоғай) 43,5 млн. теңгеге блокты-модульді станциялар орнатылды;
12. 3 ауылдың (Келдімұрат (6,8 км), Жоғарғы Егінсу (6 км), Қабанбай (4 км) көшелеріне 402,5 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді;
13. Үржар ауылында 18,5 млн. теңгеге «Болашақ» саябағын абаттандыру жүргізілді, 5 ауылда (Лайбұлақ, Қаратұма, Елтай, Көкөзек, Ақжар) 53,4 млн. теңгеге шағын футбол алаңдары мен стрит-воркауттар салынды;
14. Жоғарғы Егінсу, Таскескен ауылдарына 55 млн. теңгеге көше жарығы орнатылды;
15. Таскескен және Қабанбай ауылдарындағы 2 мектепке 257,7 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді;
16. Таскескен ауылындағы колледж жатақханасының қасбетіне 15,0 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілді.