KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 6 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Әскери борышын өтеуден жалтарған 30 мыңнан астам азамат іздестіріліп жатыр

27.01.2023, 18:02 309 Ләззат Қанатқызы

Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарып жүрген қазақстандықтар саны бүгінде 30 мыңнан асқан.

Қорғаныс министрлігі өкілінің мәліметінше, жұмыс бабымен кетіп, әскери есептен шықпаған азаматтар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Ең алдымен, қашып жүрген емес, іздестіріліп жүрген деп нақтылап өтейін. Биыл іздестіруде жүрген азаматтарымыз 30 мыңнан асып жығылады. Былтыр 37 мың болған еді,  - деп жауап берді Қарулы күштер Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің аға офицері подполковник Руслан Тапашев.

Оның айтуынша, олар түрлі себеппен іздестірілуде жүр.

- Жұмыс бабымен кетіп қалады, бірақ әскери есептен шықпайды. Сосын әскерге шақыру пунктеріне әскерге шақыру қағазы бойынша келмейді. Сондықтан біз оларды іздестіріліп жатқандар деп айтамыз. Оларды әскерге шақыру пунктеріне жеткізу үшін тізімі жасалып, іздеу жүргізіледі, - деп түсіндірді подполковник.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив