KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Сарбаз болам деушілерге арнайы экскурсия өтті - ШҚО

27.01.2023, 17:30 540 Ләззат Қанатқызы

Ұлттық ұлан Шығыс өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінде 9-11 сынып оқушыларына арналған «Сарбаз болғым келеді !» атты арнайы  ашық есік күні өтті.

«AMANAT» партиясы және «Жастар Рухы» жеке құрамымен бірлесіп «QAISAR» әскери-патриоттық жобасы аясында өткен шараға Өскемен қаласының Сағадат Нұрмағамбетов атындағы нөмірі 4-шi мектебінің 7-шi кадет  сыныбынан құралған 19 оқушы қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Серік Ноғаев  оқушыларға әскери бөлімнің өмірі мен атқаратын жауынгерлік қызметтері жайында түсіндipiп, алдағы уақытта әскерге келем деушілерге қызықты мағлұматтарымен бөлicmi. Сондай ақ, оқушылар әскери бөлімнің мұражайында болып, офицерлерлер заманауи  қару-жарақтармен таныстырып,   әскери арнайы жасақт техникаларының көрмесі ұйымдастырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив