Өскемен
-9°
переменная облачность ветер 5 м/с, З
460.79 490.51 6.02

“Халық қатысатын бюджет” бағдарламасына өтінім қабылданып жатыр - Өскемен

28.01.2023, 12:21 170 0 Ләззат Қанатқызы

Қала әкімдігінің сайтында "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды.

2024 жылға арналған жобалық ұсыныстарды жинау ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін жүзеге асырылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Халыққа қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында төмендегі жұмыстар атқарылады:

  • аумақты көгалдандыру;
  • тротуарлар салу;
  • тротуарларды, пандустарды жөндеу;
  • жалпыға ортақ орындарда   (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймағы, көшелер және өзге де объектілер)құру, жөндеу және жарықтандыру;
  • бордюрлерді, төсеніштерді жөндеу;
  • балалар ойындарына және жалпы пайдаланылатын орындарда демалуға арналған беседкаларды, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, жабдықтар мен құрылымдарды орнату және жөндеу;
  • аула аумақтарында және жалпы орындарда спорттық, балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;

Бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құны 15 мың АЕК-тен аспауға тиіс.

Айта кету керек, аталмыш бағдарламаға

жолдағы шұңқырларды жөндеу, жолдарды орташа жөндеу және т.б. жұмыстары кірмейді.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив