Өскемен
-7°
облачно с прояснениями ветер 6 м/с, СЗ
460.79 490.51 6.02

Демалыс күндері таулы аймақтарға бармаңыз - ШҚО

28.01.2023, 16:00 235 0 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-ның таулы аймақтарында 27-30 қаңтар аралығында қар көшкіні қаупі бар.

ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға таулы аймақтарға барудан бас тарту керектігін ескертеді, деп хабарлайды Altyanews тілшісі.

- Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз, - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Егер қандай да бір төтенше жағдайға тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив