Өскемен
-8°
облачно с прояснениями ветер 5 м/с, З
460.79 490.51 6.02

Қазақстанда ауыл жастарына берілетін гранттың үлесі артты

29.01.2023, 16:01 190 0 Ләззат Қанатқызы

Үкіметтің қаулысына сәйкес ауыл жастары арасынан шыққан азаматтарға бакалавриат немесе магистратураға берілетін білім гранты мен оқу тәртібіне өзгерістер енгізілді.

Қаулыға сәйкес гранттар санының 65%-ы жалпы конкурс тәртібімен берілмек.

- Ауыл жастары арасынан шыққан ҚР азаматтары үшін квота белгіленген білім беру бағдарламаларының топтарына арналған конкурс мынадай түрде өтеді: білім беру бағдарламаларының осы топтары бойынша гранттардың жалпы санының 65%-ы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал гранттардың қалған 35 %-ына конкурс ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ғана өткізіледі, – делінген Үкіметтің 2023 жылғы 23 қаңтардағы қаулысында.

Бұрынғы қаулыда гранттардың 30%-ы конкурс негізде тек ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін өткізілілген еді.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив