Өскемен
+9°
облачно с прояснениями ветер 4 м/с, С
457.29 490.35 5.97

Мұз өткелі арқылы жүруге тыйым салынды - ШҚО

30.01.2023, 11:38 206 0 Ләззат Қанатқызы

Бұқтырма су қоймасындағы мұз өткелі арқылы жүруге тыйым салынды. Бұл туралы Күршім ауданы әкімдігі хабарлады.

Енді Күршім ауданынан облыс орталығына көлік қозғалысы Күршім – Үлкен Нарын – Алтай – Өскемен және Күршім – Зайсан – Өскемен арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

26 қаңтар күні мамандар мұз бетінде жарықтар пайда болғанын анықтаған болатын. Нәтижесінде, комиссия өткелге шығу қауіпті деп қорытындылап, мұз өткелі арқылы жүруге тыйым салынды.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының басында әлеуметтік желілерде "Қызыл ту" мұз өткелінде трактор суға кетіп қалған видео тараған болатын. Артынша бірден көлік қозғалысы жабылған.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив