KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Оқушыларға мамандық таңдауға көмектесетін болады

30.01.2023, 18:01 233 Ләззат Қанатқызы

«Болашақ» қауымдастығы «Болашаққа сеніммен» жобасы арқылы 11-12 сынып оқушыларына мамандық таңдауға көмектесетін болады.

Бұл туралы қауымдастық кеңесінің мүшесі Мұхтар Манкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қауымдастық мүшелері 10-12 сынып оқушыларына мамандық таңдау кезінде қандай триггерлер, қандай стимулдар болу керектігін үйрететін болады.

- Бүгін біз ресми түрде «Болашақ» қауымдастығының атынан жаңа жобаны бастағалы отырмыз. «Болашаққа сеніммен» жобасы мектеп бітіріп жатқан түлектерімізге өзінің кәсіби бағдарын, кәсіби жолын таңдай білуіне арналған нақты жоба болмақ. 2022 жылы біз пилоттық негізде 40-тан астам мектепте кездесулер өткізіп, 3 мыңнан астам оқушыны қамтыдық. Оның бәрі 10,11,12 сыныптағы болашақ түлектер, - деді қауымдастық өкілі.

Қазір олар басты менторларды жасақтап жатыр. Аталмыш жобаға қатысқысы келетін азаматтарды да өздеріне шақырады.

- 2023 жылы Болашаққа сеніммен» деген жобаны «Болашақ» түлектері қауымдастығының атынан бастайық деп жатырмыз. Бүгінгі брифингті пайдаланып, өздерін қоғам белсендісі деп білетін азаматтардың бәрін бізге жүгініп, байланыс мәліметтерін беруге шақырамыз. Ұйымдастырушылар сол мәліметтер бойынша кері хабарласып, көмек береді. Олармен де кездесулер өткізуге дайын екенімізді айтқым келеді, - деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив