Өскемен
+9°
переменная облачность ветер 3 м/с, С
457.29 490.35 5.97

Радиотехникалық офицер-инженерлерді даярлайтын оқу орнына түсуге шақырды

Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

30.01.2023, 19:00 175 0 Мадина Амангелдіқызы

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының өкілдері Шығыс Қазақстан облысындағы әскери бөлімдер мен мектептерде ақпараттық-үгіт жұмыстарын жүргізді.

РЭжБӘИИ өкілдері Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөліміндегі сарбаздармен, Өскемен қаласы, Глубокое, Алтай аудандарының 10-11 сынып оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Өскемен гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты - Орта Азияның посткеңестік республикаларында радиотехникалық мамандықтар бойынша офицер-инженерлер даярлайтын тұңғыш және жалғыз әскери жоғары оқу орны.

Институттың заманауи оқу-материалдық базасы бар. Курсанттардың теориялық білімдерін бекіту мақсатында институттың оқу орталығында әскери техника мен әскери қаруландыру практикалық сабақтары өткізіледі. Курсанттар нақты жауынгерлік техникада жұмыс істеп, зениттік және зымырандық техникаларға, радиолокациялық станцияларға және әскери байланыс техникасы құралдарында қызмет көрсетеді. Оқу орталығында курсанттарға арналған оқу корпусы, казарма және асхана, әскери техниканы сақтауға арналған ангарлар мен далалық сабақтарды қамтамасыз етуге арналған оқу алаңдары бар.

Кездесу барысында институт өкілдері РЭжБӘИИ-де оқудың ерекшелігімен және оқу-материалдық базасымен таныстырып, курсанттардың тыныс-тіршілігі жайлы айтып берді.

- Институт қолбасшылығы болашақ офицерлердің бойында патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, жоғары азаматтық ұстаным сияқты қасиеттерді қалыптастыру жолында үлкен жетістіктерге жетті. Институтта курсанттарға толыққанды үйлесімді және мәдени дамуға барлық жағдай жасалған. Біздің Отанқорғаушыларымыздың қатарында білімді, білікті мамандардың болуы еліміздің Қарулы Күштерін нығайтатыны сөзсіз, - деді полковник Мүсілім Тұранов.

Жиналғандарға Орталық Азия аймағындағы радиотехникалық мамандықтар бойынша офицер-инженерлерді, Ақпараттық технологиялар, байланыс, ақпараттық қауіпсіздік мамандарын, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің мамандарын даярлайтын жалғыз бейінді жоғары оқу орны болып табылатын РЭжБӘИИ-да құжаттарды қабылдау шарттары мен оқу бағдарламалары туралы материалдар мен бейнероликтер ұсынылды.

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив