KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
448.56 478.03 4.79

Елімізде азаматтығын өзгерткен балаларға Ұлттық қордан ақша берілмейді

31.01.2023, 16:02 253 Ләззат Қанатқызы

Егер елімізде 18 жасқа толмаған балалар азаматтығын ауыстырса, онда Ұлттық қордан қаражат алмайды.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров кулуарда айтты.

Сондай-ақ балалардың 18 жасқа толған кезде алатын табысына салық салынбайтынын айта кету керек.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, жыл соңында Ұлттық қордың табыстылығы теріс болды. Мұндай жағдайда проблеманы болдырмау үшін 18 жылдағы орташа жылдық табыс алынады. Ал ол әрдайым оң болып келді.

- Егер бала азаматтығын ауыстырса, бұл қаражатты алмайды, басқа балаларға бөлінеді. Бұған дейін елімізде 6,5 миллион бала бар екенін айттым.  Бала шетелге кете алады, егер ол азаматтығын ауыстырмаса, онда ақшасы өзінде қалады. Сондай-ақ, егер ол 18 жаста әлі Қазақстан Республикасының азаматы болса, ақшаға ие бола алады, - деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив