KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 2,7 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Қазақстандықтар неше жасқа дейін жас болып саналады

Фото: strategy2050.kz

31.01.2023, 20:00 215 Мадина Амангелдіқызы
Қазақстандағы жастар 14 жастан 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болып саналады, ал 35-тен 36-ға қараған адам жас деп есептелмей ме? Бұл сауал электронды үкімет сайтында көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заңнамаға сілтеме жасай отырып, 35 жасқа толған қазақстандықтар жастар қатарына жатпайтынын нақтылады.

"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңның 1-бабының нормасына сәйкес, он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары жастар деп танылады. Ал Қазақстан Республикасының отыз бес жасқа толған азаматтары жастар санатына жатпайды деген сөз, – делінген министрлік ұсынған жауапта.

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 26 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, ол жастардың жасын 29 жастан 35 жасқа дейін  ұлғайтуды көздейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив