KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

ШҚО-да шошқа тұмауы тіркелді

шартты сурет

1.02.2023, 10:12 547 Оразай Жеңісұлы

Науқастар жөніндегі статистика облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланды.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, өңірде жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) және тұмау жұқтырғандар көбейіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

2022 жылдың 1 қазанынан 2023 жылдың 19 қаңтарына дейін ЖРВИ 111 020 тұрғынан анықталған. Науқастардың көпшілігі 14 жасқа толмаған балалар екенін айтуымыз керек.

«Эпидемиялық маусым басталғаннан бері 2 380 науқас тұмауға қарсы тексеруден өтті және диагноз 85 адамда расталды. Соның ішінде 72 науқас В типті тұмау вирусын, 13 науқас шошқа тұмауының А вирусын (H1N1) жұқтырған», - деп мәлімдеді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Тұмау жұқтырғандардың да үштен бірі 14 жасқа толмаған балалар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив