Өскемен
+9°
переменная облачность ветер 4 м/с, С
458.87 493.84 6

Жеңілдетілген несиемен көлік алуға болатын платформа іске қосылды.

1.02.2023, 12:27 181 0 Ләззат Қанатқызы

Өтінімдерді қабылдау сағат 10:00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы жүргізіледі.

Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Ғалымжан Әди айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Өтінімдерді қабылдау сағат 10:00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы жүргізіледі. Осы орайда өтінім беру үшін компьютер арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізіп, қосылуға болады. Платформада тек Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуге мүмкіндік бар.

- Сайтта өтінім берген кезде өтініш берушінің деректері автоматты түрде ЭЦҚ арқылы қалыптасады. Өтініш беруші міндетті түрде телефон нөмірін енгізіп, автокөлік өндіруші компанияны таңдап, өтінімге қол қояды. Өтінімнің тіркелуі барысы сайттағы «жеке кабинет» арқылы тексеріледі, - делінген аталған қордың мәліметінде.

Қазіргі кезде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-да жинақталған қаражат сомасы 7,6 млрд теңгеге жетті. Осы орайда пилоттық платформа келесі аптада іске қосылған кезде 761 адам тіркеле алады. Яғни 761 адам толық тіркелса, платформада өтінім қабылдау автоматты түрде тоқтайды.

- Кейін аталған платформада өтінім қабылдау ай сайын жүргізіледі және 100-ден астам адамды тіркеуге мүмкіндік береді, - деп аталып өткен таратылған хабарламада.

Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасы бойынша бұрынғы шарттар өзгеріссіз қалды:

- бір автокөліктің құны 15 млн теңгеден аспайды;

- қаржыландыру сомасы 10 млн теңгеден артық емес;

- қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;

- бастапқы жарна - 0 пайыз.

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив