Өскемен
+8°
переменная облачность ветер 3 м/с, С
458.87 493.84 6

ШҚО: Ақпан айында ауа райы қандай болады?

1.02.2023, 17:21 456 0 Ләззат Қанатқызы

Синоптиктер болжамынша, ақпан айында ауа температурасы мен жауын-шашын нормадан жоғары болуы мүмкін.

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы айға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айдың бірінші онкүндігінде Сібір антициклоны ауа-райына әсер етіп, облыстың біраз ауданарында аяз болуы мүмкін. Түнде ауа температурасы -15...-25 градус, ал күндіз – 5...-15 градус болады.

- Ақпан айының екінші жартысында циклон Жерорта теңізі аймақтарынан ауыса бастайды. Яғни қарлы боран болып, желдің екпіні секундына 15-25 метрге дейін жетеді. Жалпы облыста бір айдағы орташа ауа температурасы нормадан 1 градусқа жоғары болады деп күтілуде. Сондай - ақ, жауын-шашынның орташа айлық мөлшері нормадан жоғары болады, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Бірақ ақпанның екінші және үшінші онкүндігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Облыстың оңтүстік аудандарында тұман мен көктайғақ болуы ықтимал.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив