KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
448.56 478.03 4.79

ШҚО: Су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі енгізілді

2.02.2023, 16:19 232 Ләззат Қанатқызы

Қыс мезгілі басталғалы берді жалпы облыс көлемінде 160 000 текше метрден астам қар шығарылған.

Қазір облыс әкімінің тапсырмасымен өңірде су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі енгізілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- «Су айдындарына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Су тасқыны қаупі жоғары кезең үшін жеке құрамнан 1719 адам, 224 мотопомпа, 83 жүзу құралы және 750-ден астам техника сақадай сай. 29 000 дана ыдыс-қап, 1,9 мың тонна инертті және 226 тонна жанар-жағармай материалдары дайындалды. Төтенше жағдайда халықты эвакуациялау үшін қалалар мен аудандардың әкімдері 6500 адам сиятын 68 уақытша орналастыру пунктін дайындады, - делінген ақпаратта.

Қазір облыста су басу қаупі туындап отырған 71 елді мекен бар. Арнайы жол картасы аясында іске асырылған шаралар нәтижесінде, 15 елді мекенде қауіп толығымен жойылса, 46-сында барынша азайтылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив