KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
448.81 476.82 4.77

Өскеменде биыл қандай көшелер жөнделеді?

Шартты сурет

2.02.2023, 20:00 309 Мадина Амангелдіқызы

Биыл Өскеменнің алты ауданында жолдарға асфальт төселіп, 9 жол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Жол желісін күтіп ұстау - қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудегі негізгі міндеттердің бірі. Негізгі жол магистральдарындағы асфальтты ауыстыру бойынша жүргізілген жұмыстар назардың негізгі векторын аудандық маңызы бар шағын көшелерге аударуға мүмкіндік берді, - дейді шаһар басшысы.

Осы ретте шағын аудандарды дамыту бағдарламасы аясында биыл бірқатар аудандарда жолдарды асфальттау жұмыстары жүргізіледі екен. Атап айтқанда:

- Прудхоз кенті;

- Самсоновка ауылы;

- 23 шағын аудан;

- 22 шағын аудан;

- Согра кенті;

- Жыланды кенті.

Орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған учаскелер:

- Теміржолшылар көшесі

- Абай даңғылы Спорт сарайынан Тракторная көшесіне дейін

- Молдағұлова көшесі

- Протозанов көшесі Үлбі көпірінен Мызы көшесіне дейін (көпір астындағы өтпе жолды қоса алғанда)

- Интернациональная көшесі (Волгоградская көшесінен Абай даңғылына дейінгі тақ жағындағы қалған бөлігі)

- "Радуга" саяжай қоғамына апаратын жол (№53 автобустың бағыты)

- Пограничная көшесі Назарбаев даңғылынан Бажов көшесіне дейін

- Қалихан Ысқақ көшесі  Гагарин бульварынан Севастопольская көшесіне дейін

- Аврора көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысындағы учаске.

- Біз дәстүр бойынша  жыл басынан бері мердігерлік ұйымдарды алдын ала анықтау үшін конкурстық рәсімдерді өткіздік. Олар жұмыстарды ауа райы жағдайына қарай бастайды. Бұл тәсіл шілде-қыркүйек айларында басқа көшелерде орташа жөндеудің екінші кезеңін қарастыруға мүмкіндік береді, - дейді әкім.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив