Өскемен
+2°
облачно с прояснениями ветер 2 м/с, СЗ
457.29 490.35 5.97

ШҚО-да әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінеді

20.01.2022, 05:42 59 0 Мадина Амангелдіқызы

2021 жыл Шығыс Қазақстан облысы үшін табысты жыл болды. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің серпінді өсуі байқалды.

Облыста азаматтарды әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Мектеп оқушылары бар көпбалалы отбасылар формамен, аяқ киіммен және тамақпен қамтамасыз етіледі. Балалардың ата-аналары мектепке дейінгі балалар мекемелеріне ақы төлеуден босатылған. Техникалық және кәсіби білім алатын студенттеріне тегін тамақтану және тұру ұсынылады. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың қоғамдық көлікте жол жүруін қамтамасыз ету үшін 340,7 млн. теңге бөлінді. Көпбалалы отбасыларға жеңілдік шарттарымен ағымдағы жылы 438 млн. теңгеге 160 микрокредит берілді.

Табысы төмен халықты қолдау мақсатында тұрғын үй сатып алу үшін тұрғын үй сертификаттарын табыстау шаралары көзделген. 2021 жылдың басынан бері 204,0 млн. теңгеге 204 тұрғын үй сертификаты берілді (сертификат мөлшері – 1 млн. теңге). Сонымен қатар облыста осы санаттағы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің кезеңдік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Былтыр кезекте тұрған көпбалалы аналар мен әлеуметтік осал отбасылар үшін 6 млрд. теңгеге 236 үй (461 пәтер) сатып алынды.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив