Өскемен
+9°
облачно с прояснениями ветер 4 м/с, С
457.29 490.35 5.97

ШҚО-да онкологтар тегін тексеру жүргізеді

шартты сурет

3.02.2023, 11:01 181 0 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында онкологтар сенбі күні пациенттерді тегін тексереді.

Көпсалалы онкология және хирургия орталығы Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күнге орай ашық есік күнін өткізеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Яғни 4 ақпанда сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін онколог-хирург, маммолог, уролог-онколог, дерматолог-онколог, ЛОР-онколог, гинеколог-онколог сынды мамандарға жолдамасыз қаралуға болады.

Облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының мекенжайы: Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6, 1-ші корпус.

Қосымша ақпарат: 8 (7232) 48-91-51, 8-778-003-78-45.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив