KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 8 м/с, С
445.66 474.58 4.78

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

3.02.2023, 12:15 409 Оразай Жеңісұлы

Синоптиктер 4-6 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Болжамға сәйкес, республиканың басым бөлігі атмосфералық фронтал бөліктер ықпалында болады, елдің батысында, солтүстігінде және шығысында қар күтіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашын күтіледі, оңтүстік, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман және көктайғақ болады.

"Жауын-шашын, жел күшейеді. Елдің батысында түнде ауа температурасы 7-18 градус, күндіз 3-8 градус аязға дейін төмендейді деп болжанған. Елдің солтүстік жартысында, орталығында және шығысында температура фоны өзгеріссіз қалады: түнде 15-26 градус, күндіз 5-13 градус аяз болады. Оңтүстік аймақтарда түнгі уақытта ауа температурасы аз оң мәндерге жетеді, күндіз 2-10 градус жылы болады", - делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив