ШҚО-да балабақша төлемі қымбаттауы мүмкін

Өскемен, Риддер қалалары мен Самар, Көкпекті аудандарында мемлекеттік балабақшалардың ай сайынғы төлемі қымбаттауы мүмкін.
ШҚО білім басқармасының мәліметінше, мектепке дейінгі мекемелерде бағаның өсуі азық – түлік бағасының қымбаттауымен байланысты болып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысының жобасы Әділет департаментінде мақұлданғаннан кейін баға өзгереді.
Яғни, тәрбиеленушілердің жас санаттарына байланысты балабақша ақысы төмендегідей болмақ:
Өскеменде 3 жасқа дейінгі балалар үшін төлем 14 500 теңгеден 16 500 теңгеге дейін; 3 жастан бастап — 17 000 теңгеден 21 000 теңгеге дейін көтеріледі.
Риддерде: 3 жасқа дейінгі балалар үшін — 12 500 — ден 18 600 теңгеге дейін; 3 жастан бастап-14 500-ден 20 800 теңгеге дейін.
Самар ауданында: 3 жасқа дейінгі балалар үшін — 14 000 теңгеден 17 500 теңгеге дейін; үш жастан бастап — 14 500 теңгеден 17 500 теңгеге дейін.
Күршім ауданында: 3 жасқа дейінгі балалар үшін — 15 400-ден 19 800 теңгеге дейін.