KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да қос азаматтығы бар алты адам ұсталды

4.02.2023, 10:30 813 Оразай Жеңісұлы

Өңірдегі көші-қон қызметінің өкілдері өткен жылы 60-қа жуық  адамда қос азаматтық бар екенін анықтаған.

Ал 2023 жылдың қаңтарында тағы 6 заң бұзушы ұсталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мәселен Шемонаиха ауданының екі тұрғыны қос азаматтық арқылы екі елден де зейнетақы алып отырған. Яғни олар Ресей Федерациясының азаматтығын алған және бұл туралы Ішкі істер органдарына хабарламаған.

«Бұл азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сот шешімі бойынша Қазақстан Республикасынан шығарылды», - деп мәлімдеді көші-қон қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив