KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

Шығысқазақстандық спортшы ұзындыққа секіруден ел чемпионы атанды

4.02.2023, 17:23 469 Оразай Жеңісұлы

Шығысқазақстандық спортшы Анастасия Рыпакова ұзындыққа секіруден ел чемпионы атанды.

Жуырда Астанада жеңіл атлетикадан ел чемпионаты аяқталып, шығысқазақстандық спортшылар үздік нәтижелердің бірін көрсетті. Соның ішінде Анастасия Рыпакованың жетістігі талай спорт мамандарын таң-тамаша етті. Бойшаң бұрымды екпінмен жүгіріп келіп, 6,25 метрге қарғыды. Сөзсіз, алтын медаль олжалады. Өз уақытында Ольга Рыпкова да ұзындыққа секіріп, жүлде алған. 2015 жылы – 6,41 метр, 2017 жылы 6,44 метрге секірген еді. Жабық кешендегі үздік нәтижелер осылар. Алдағы жылдары Анастасия анасының көрсеткішін қайталайды деуге сенім мол.

Бұдан бөлек, желаяқ жігіттеріміз 4*200 және 4*400 метрге жүгіруде алдына қара салдырмады. Элина Михина 200 метрге жүгіруде, Надежда Дубовицкая биіктікке секіруде (1,88 м), Белоусовка кентінің тумасы Андрей Соколов 400 метрге жүгіруде топ жарды. Әрі қарай Айым Қайсанова, Андрей Лаврушенко, Ақылжан Тоқтағалин, Артур Гафнер сияқты спортшыларымыз медаль алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив