KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Үш елді мекенде спорт кешені бой көтереді – ШҚО

6.02.2023, 09:45 324 Оразай Жеңісұлы

Облыс басшысы Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен кеңес өткізіп, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша жобаларды талқылады.

Өңірдегі үш елді мекенде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Негізгі бағыт – тірек және спутниктік ауылдардағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту. Мұны қалай жасау керектігін және негізгі тұтынушылары кім болатынын нақты түсіну үшін Зайсан ауданында суару жүйесін салу жобасын тағы да егжей-тегжейлі қарастыру қажет. Бағдарлама бойынша биылғы жылы 64 жобаны іске асыру көзделген, оның үшеуі өтпелі болып табылады - бұл Марқакөл, Үлкен Нарын және Катонқарағайдағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері құрылыстарын аяқтау», - деді облыс әкімі.

Қалған 61 жобаға мектептерді, ауылдық клубтарды, медициналық мекемелерді жөндеу, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу, қазандықтар мен жылу желілерін жаңғырту, жолдар мен көшелерді жөндеу, көше жарығын орнату кіреді.

«Құрылыс маусымының басында біз мердігерлерді және қаржыландыру көлемін біліп, іске асыруға кірісуіміз үшін осы жобалардың барлығына арналған конкурстық рәсімдер ақпан-наурыз айларында өтуі тиіс екенін атап өтемін», - деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімі экономика және бюджеттік жоспарлау және қоғамдық даму басқармаларына осы жобаларды БАҚ-та тоқсан сайын іске асыруды бақылауда ұстауды тапсырды.

«Адамдар қайда және не салынып жатқанын білуі керек», - деді әкім.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив