KZ
Өскемен
-4°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Риддер ЖЭО-да тағы бір жаңа жабдық істен шықты

6.02.2023, 10:23 781 Ләззат Қанатқызы

5 ақпан күні Риддер ЖЭО-да тағы бір жаңа жабдықтың істен шығып, пәтерлердегі температура қайта төмендеп кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, жақында "Риддер ЖЭО" АҚ-да өрттен кейін көмір беру трактісі толығымен қалпына келтірілген болатын. Алайда, демалыс күні жаңа жабдық істен шыққан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Су беру температурасы 53 градусқа дейін төмендеп, қала тұрғындарының пәтерлері тағы суып кеткен. Кешке қала әкімі оқиғаның себебін түсіндірді.

- 5 ақпанда конвейер таспасының екінші көтергіш барабанының қозғалтқышы істен шықты. Жөндеу жұмыстары аяқталды. Көмір бункерлерін толтыру басталды. Температура режимі үш сағат ішінде қалпына келтіріледі. Жөндеу жұмыстары кезінде температуралық режимді қалпына келтіру үшін № 1 қазандық агрегаты қосымша қыздырылды, - деді қала әкімі Дмитрий Горьковой Instagram-дағы ресми парақшасында.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив