KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

«ШҚО-ның Құрметті азаматы» атағы табысталды

6.02.2023, 14:36 241 Ләззат Қанатқызы

Бүгін өңіріміздің төрт тұрғынына салтанатты түрде марапаттар табыс етіліп, "ШҚО Құрметті азаматы" атағы берілді.

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«ШҚО-ның Құрметті азаматы» атағын алғандардың ішіде ҰОС ардагері - Құрмат Рахимұлы Рахимов. Ол - бүкіл соғыстан өткен күш құрылымдарында көп жылдар бойы еңбек сіңірген азамат, еңбек демалысында бірнеше кітап жазған жазушы.

Тағы бір құрметті азамат-Михаил Иванович Колесников. 55 жылдық жұмыс өтілі бар танымал дәрігер, 80-ші жылдары Елизаров аппаратын біздің медицинаға енгізген және омыртқаға операция жасай бастаған алғашқылардың бірі. Педагог ретінде де ол қала мен облыстың барлық дерлік травматологтарына өмірге жолдама беріп, тірек-қимыл жүйесі ауруларын емдеу мен дамуына үлкен үлес қосып, төрт мыңға жуық операция жүргізген хирург. Бүгінгі таңда Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері, Денсаулық сақтау ісінің үздігі және "ШҚО Құрметті азаматы" атақтарына ие.

Сондай-ақ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділғазы Сейдұлы Шерубаев та құрметті атаққа ие болды. Ол зейнеткерлік жасына қарамастан, әрдайым өңіріміздің әлеуметтік тынысынан хабардар болып, тың идеяларымен бірқатар іс-шараларға бастамашы болып отыр.

"ШҚО-ның құрметті азаматы" атағы кәсіпкер Сергей Викторович Коротинге де берілді. Ол өз ісін дамытып қана қоймай, сонымен қатар үлкен әлеуметтік қолдау көрсетіп отырған меценат.

- Салтанатты рәсімнен кейін өзара диалог өткіздік. 2023 жылға арналған жоспарлармен бөлісіп, өңір дамуы туралы әңгіме өрбіттік. Михаил Иванович Колесников медицина ардагерлері облыстың денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуға өз үлестерін қоса алатындарын айтып қуантты, - дейді облыс әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив