Өскемен
+8°
переменная облачность ветер 3 м/с, С
457.29 490.35 5.97

ШҚО-да жарты тонна балық аулаған браконьерлер ұсталды

шартты сурет

8.02.2023, 10:30 172 0 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз жарты тоннадан астам балық аулаған браконьерлер ұсталды.

Қоршаған ортаға келтірілген залал 3 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Полиция қызметкерлері бірінші заң бұзушыны Өскемен-Самар тасжолының 25 шақырымында ұстаған. Самара ауданының 46 жастағы тұрғынынан шамамен 240 келі рипус балығы тәркіленді.

Бірнеше күннен кейін дәл осы жолда тәртіп сақшылары Toyota маркалы көлікті тоқтатты. 39 жастағы қала тұрғыны 220 келі рипус балығын заңсыз тасымалдап бара жатып ұсталды.

Тағы бір браконьерді Күршім ауданының қоршаған ортаны қорғау полициясының қызметкерлері Ақсуат ауылында ұстады. Ауыл тұрғыны заңсыз жолмен 35 келі көксерке және 69 келі қарақұйрық балығын аулаған.

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив