Өскемен
+9°
облачно с прояснениями ветер 4 м/с, С
457.29 490.35 5.97

Өскеменде Астана театры қайырымдылық қойылымын қояды

шартты сурет

8.02.2023, 11:14 165 0 Оразай Жеңісұлы

DEMEY оңалту орталығындағы балаларды қолдау мақсатында 1 наурызда «Ізгі көктем» атты театр кеші өтеді.

Облыс орталығында Астана театрының әртістері қайырымдылық қойылымын қояды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Көрермен назарына «БАҚ» спектаклі, Антон Чеховтың «Шие бағы» пьесасы негізіндегі трагикомедия ұсынылады.

Билеттен түскен қаражат сал ауруы бар балаларды оңалтуға жұмсалады.

«Nietwoman қоғамдық бірлестігі ШҚО драма театрының және Өскемен әкімдігінің қолдауымен болатын жылдың ең ауқымды әрі игі іс-шарасына шақырады», - дейді қайырымдылық кешін ұйымдастырушылар.

Билеттерді +7-747-429-88-35 телефоны немесе тикетон.кз веб-сайты арқылы сатып алуға болады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив