ШҚО-да қар барысын іздеу басталды

Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры Шығыс Қазақстанда қар барысын іздеу басталғанын мәлімдеді.
Экспедиция кезінде зоологтар мен инспекторлар фототұзақ орнатып, бұрынғы камераларды тексереді. Сондай-ақ заңсыз құрылған аулар мен қақпандарды құртады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мамандар барыстың биологиялық материалын жинап, молекулалық-генетикалық талдау жүргізуге ниетті.
«Катонқарағай ұлттық паркінде кемінде үш, әйтпесе алты қар барысы бар. Негізгі мекені – Қатын жотасы екі мемлекеттің шекарасында орналасқан. Бұл сирек кездесетін тау тағысын қорғауды қиындатып тұр», - дейді Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының Алтай-Саян экоаумағындағы өкілдігінің аға үйлестірушісі Александр Карнаухов.
Шығыс Қазақстандағы қар барысын зерттеу үшін Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының қызметкерлері зерттеудің заманауи әдістерін қолданады.