KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Тарбағатайда ғылыми дәрежесі бар дәрігерлер жұмыс істейді

8.02.2023, 18:54 632 Мадина Амангелдіқызы

Тарбағатай аудандық ауруханасында ғылыми дәрежесі бар дәрігерлер жұмыс істейді.

Медициналық ұйым бірнеше күн бұрын аудандық аурухананың тағы бір дәрігерінің ғылыми дәреже алғаны туралы жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тарбағатай аудандық ауруханасының емхана меңгерушісі Айгерім Әбішеваға  6D110100 «Медицина» мамандығы бойынша PhD докторы дәрежесі берілді. Докторлық диссертациясының тақырыбы – «Экологиясы қолайсыз жағдайда өмір сүретін еңбекке жарамды тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалау (Өскемен қаласы мысалында)». Диссертациялық жұмыс  Семей медицина университетінің  «Қазақстан Республиканың экологиялық жағдайы нашар аймақтарына түсетін экологиялық жүктемені азайтудың ғылыми-әдістемелік негізін жасап, халқын медициналық қолдау, әлеуметтік қорғау және денсаулығын түзету» ғылыми-техникалық бағдарламасының аясында жүзеге асырылды.

Аурухананың бас дәрігері Елжан Манарбековтің айтуынша, Айгерім Әбішева - қазіргі жоғары медициналық білім берудің іргелі қағидасы – ғылым, білім және клиникалық қызметті ұштастыру – үш бағытта жұмыс жасай білетін жас мамандардың бірі.

 

Жалпы Тарбағатай аудандық ауруханасында бүгінде медициналық жоғары оқу орындарының резиденттеріне тәлімгер бола алатын PhD дәрежесі бар екі дәрігер жұмыс істейтінін айта кеткен жөн. Өз кезегінде резидентурада оқып жүрген мерзімде жас мамандар аудандық ауруханада тәжірибе жинап, қызмет атқара алады.

- Бізде «Медициналық мекемелерді білікті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша өңірлік бағдарлама» жүзеге асырылып жатыр. Аудандық ауруханада қазіргі таңда кадр тапшылығы жоқ, құрал-жабдықтар үнемі жаңартылуда, ескі функционалдық диагностиканың құралдары заманауи үлгілерімен ауыстырылуда. Аурухананы жайлы әрі ыңғайлы етуге, онда құрал-жабдықтарды жеткізуге болады, бірақ білікті мамандарсыз мұның тиімділігі болмас еді», - дейді бас дәрігер Елжан Манарбекұлы.

Кадр мәселесін шешудегі осындай кешенді тәсілдің тиімділігінің арқасында өткен жылы аурухана құрамы тағы да жас дәрігерлермен толықты. Жақында тағы да резидентура тамамдаған жас мамандар ауруханаға жұмыс істеуге келеді. Қазір олар медициналық университетте мақсатты келісім шарт бойынша білім алып жатыр.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив