KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Өскеменде дәрігерлерге 20 тұрғын үй беріледі

8.02.2023, 22:02 260 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде дәрігерлерге  "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша 20 жеке тұрғын үй берілмек.

ШҚО-да  медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, Денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Қапанова айтып берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазір Өскемен қаласында әлемдік стандарттарға сәйкес келетін бірегей Гематология орталығы салынып жатыр. Бұл диагностикадан оңалтуға дейінгі медициналық қызметтердің толық спектрін жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Риддер қаласында 140 төсектік стационары және күніне 500  адам қабылдайтын, заманауи жабдықтармен қамтамасы етілген  емхананың құрылысы басталды. Одан бөлек, Күршім ауданы Қалжыр ауылының дәрігерлік амбулаториясының құрылысы аяқталды.

Облыста ми тамырларының патологиясын анықтауға және осы ақауларды жоюға мүмкіндік беретін яғни инсультті емдеу және алдын алуға арналған ангиографияны қолдана отырып операциялар жүргізілетін инновациялық медицина бөлімі ашылды. Бұл үшін өңірдің дәрігерлері Израильде Нейрохирург, Невропатолог, реаниматолог және рентгенологтан тұратын көпсалалы топ білімін жетілдірді.

- 2022 жылы облыстың 36 медицина қызметкері онкогематология, гематология, анестезиологиялық-реаниматология, кардиология, акушерлік және гинекология бойынша Израиль, Ресей және Германияның жетекші шетелдік клиникаларында оқытылды. Ауыл тұрғындарына уақтылы скринингтік зерттеулер жүргізу мақсатында 7 жылжымалы медициналық кешен ұйымдастырылды. 2022 жылы 195 ауылда 45,7 мың адам тексерілді. Өткен жылы өңірде медицина саласын дамыту, жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. 305 бірлік медициналық жабдық сатып алынды. Оның ішінде 8 рентген аппараты, 2 флюорограф, 3 маммограф, оториноларингологиялық операцияларға арналған мобильді микроскоп, аудандық ауруханалар мен емханалардың перзентхана бөлімшелеріне арналған жабдықтар алынды»,- деді Айнаш Қапанова.

Өңірде ақ халатты абзал жандардың жетіспеушілігін азайту үшін жыл сайын медициналық ұйымдардың басшылары, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары медициналық университеттердегі бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысады. Сондай-ақ ауылдық жерлерге келген жас мамандарға көтерме қаражат, қызметтік тұрғын үй және тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдікпен кредит берілу көзделінген. Мысалы, биыл Өскеменде  "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша 20 жеке тұрғын үй бөлу жоспарланып отыр.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив