Өскемен
-3°
небольшая облачность ветер 3,1 м/с, СЗ
462.36 493.48 5.99

«Қара өлең – жүйрігімсің, жалың майда» шығармашылық кездесуі өтті

11.02.2023, 11:22 246 0 Мадина Амангелдіқызы

10 ақпанда А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада, «Әдеби hub» жобасы аясында республикалық әдеби конкурстардың жеңімпазы, танымал жас ақын, журналист Оразай Жеңісұлымен «Қара өлең – жүйрігімсің, жалың майда» атты кездесу өтті.
Кездесу барысында Оразай Жеңісұлының жан тебірентер өлеңдері оқылып, жастар автормен сұхбат құрды. Ақынның балалық шағы, студенттік жылдары, әдебиеттің алғашқы ұстазы туралы айтылып, жырларынан монологтар оқылды. Кеш қонағымен қызықты ойындар ойнатылып, оның шығармашылық лабораториясы туралы сөз қозғалды.

 
Оразай Жеңісұлы 1998 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. А. Байтұрсынұлы атындағы №20 мектептің, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің журналистика мамандығының түлегі. Халықаралық және республикалық жыр мүшайраларының жүлдегері. Өлеңдері «Ертіс толқыны», жинағы мен түрлі басылымдарда жарияланған. «Алтын тобылғы» әдеби бәйгесінің поэзия аталымында жеңімпаз атанған. «Шығыс ақпарат» медиа-холдингіне қарасты Altaynews.kz сайтының тілшісі.

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив