KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Тауға саяхаттауға тәуекел етпеңіз! – ШҚО

25.02.2023, 10:30 290 Оразай Жеңісұлы

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының ақпаратына сүйенсек, 25-27 ақпан аралығында таулы аудандарда қар көшкіні жүруі ықтимал.

Төтенше қызмет өкілдері тұрғындарды сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өңірдегі аса қауіпті учаскелер қай автожол бойында екенін естеріңізге саламыз:

Өскемен-Самар,

Өскемен-Алтай,

Согорное-Барлық,

Берел-Рахманов қайнары (Катонқарағай ауданы),

Зубовка-Путинцево,

Лениногорск-Чекмар кеніші.

Қауіпті аймақта орналасқан 5 демалыс базасы бар: екеуі – Риддерде, үшеуі – Таулы Үлбіде.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз!

 «Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпауды ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыздар», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив