KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 5 м/с, З
445.66 474.58 4.78

ШҚО кәсіпкерлері бірыңғай төлемді қашан қолдана алады?

28.02.2023, 19:20 184 Мадина Амангелдіқызы

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның Салық кодексінде бірыңғай төлем қолданыла бастады. Бұл норма салық міндеттемелерін орындауды жеңілдету, жүктемені азайту және жалдамалы қызметкерлерді заңдастыру үшін енгізілген.

Жалақыдан бірыңғай төлемді микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолдана алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бірыңғай төлемді енгізу шағын бизнес өкілдеріне бір төлем тапсырмасымен жүзеге асырылатын қызметкерлердің кірістерінен салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жасауды жеңілдетуі керек деп күтіледі.

- Бірыңғай төлемнің оңайлатылуы мен артықшылығы - төлем сомасы енді әлдеқайда аз болады -20%. Сондай-ақ, салық агенті өзіне қандай аударым форматын жасау ыңғайлы екенін өзі таңдай алады. Оны жеңілдетілген декларация бойынша жұмыс істейтіндер, ауылшаруашылық тауар өндірушілері және басқалары ғана қолдана алады. Қазір бірыңғай төлемді қолданудың барлық сәттері пысықталды, сондықтан оны ақпан айында микро және шағын бизнес субъектілері пайдалана алады, - деп түсіндірді ШҚО бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова.

Бірыңғай төлемді аудару мерзімі – ай сайын, әр айдың 25-інен кешіктірмей.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив