Өскемен
+1°
туман ветер 1 м/с, Ю
474.47 503.51 4.88

Шығыста қанша мәдениет ошағы бар?

28.02.2023, 20:01 241 0 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстанда 169 клубтық мекеме, 170 кітапхана, 6 музей, 1 театр жұмыс істейді.

Соңғы үш жылда өңірде 4 жаңа мәдениет нысаны бой көтерді. Бұл мақсатқа 1 млрд 802 млн теңге жұмсалған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов айтты.

Үш жылда салынған жаңа нысандар: Глубокое ауданының Глубокое ауылында Абай атындағы 300 орындық мәдениет үйі,  Ұлан ауданының Бестерек ауылында облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы,  Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылында 150 орындық мәдениет үйі, Катонқарағай ауданының Топқайың ауылында 80 орындық ауылдық клуб.

Сонымен қатар, ескірген 6 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Жалпы облыста 169 клубтық мекеме, 170 кітапхана, 6 музей, 1 театр жұмыс істейді. Сондай-ақ аймақта 321 ескерткіш бар, оның ішінде республикалық маңызы бар ескерткіштер саны – 8, жергілікті маңызы бар – 313.

241
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив