Өскемен
+7°
ясно ветер 1 м/с, В
474.47 503.51 4.88

Екі жылда 17 жаңа мектеп салынады – ШҚО

Шартты сурет

28.02.2023, 20:22 265 0 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстанда қазір барлығы 342 мектеп жұмыс істеп тұр, бұл білім ошақтарында 96 488 бала білім алады. Өткен жылмен салыстырғанда биыл оқушылар контингенті 2%-ға өскен.

«Сапалы білім беру. Білімді ұлт» ұлттық жобасының аясында оқушылардың білім сапасын жақсарту, қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты азайту көзделген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Бүгінгі таңда өңірдің білім саласында оң динамика байқалады. 2022-2023 оқу жылының алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша білім беру сапасы 63,6% болды, бұл 2021-2022 оқу жылының осы кезеңімен салыстырғанда 0,9%-ға жоғары, - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.

Өткен жылы облыста төрт жаңа мектеп пайдалануға берілген болатын, оның үшеуі ауылдық жерде орналасқан. Сондай-ақ 2025 жылға дейін салынатын 17 мектептің алтауы ауылдарда бой көтереді. 

Білім беру мекемелерінде шатырды, электрмен, жылу және сумен қамту жүйелерін жөндеу жұмыстары ары қарай жалғасады. Биыл үш мектепке күрделі жөндеу, 24 білім мекемесіне ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. 

 

 

265
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив