KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Көмір экспортына тыйым салу тағы ұзартылмақ

28.02.2023, 21:33 272 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстан көмір экспортына тыйым салуды тағы жарты жылға ұзартуды жоспарлап отыр.

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті "Көмір мен лигнитті әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Altaynews.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының аумағынан тас көмірді, тас көмірден алынған брикеттерді, шекем тастарды және қатты отынның ұқсас түрлерін, тозаң түріндегі немесе тозаң түріндегі емес, бірақ агломерацияланбаған тас көмірді, гагаттан басқа лигнитті немесе агломерацияланған немесе агломерацияланбаған қоңыр көмірді автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - деп көрсетілген аталмыш құжатта.

Тыйым халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету бойынша дүрбелеңнің алдын алу үшін енгізіліп отыр екен.

"Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен көмірді әкетуге уақытша шектеу қоюдың орындылығы 2023 жылғы 22 ақпандағы сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында қолдау тапты", - делінген құжат мәтінінде.

Құжат 14 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив