KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Неонатолог дәрігерлер біліктілікті арттырудың онлайн-форматын таңдады

16.02.2023, 18:22 233 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстанда біліктілікті арттырудың онлайн-форматын жүздеген неонатолог дәрігерлер таңдады. «AYALA онлайн-академиясы» неонатолог дәрігерлердің біліктілігін арттыруға арналған алғашқы тегін онлайн-платформаны жасаушылар осындай қорытындыға келді.

2021 жылдың ақпанынан бастап тегін бейне-курстары бар платформада Қазақстанның түкпір-түкпірінен 667 дәрігер тіркелген екен, оның ішінде 117 дәрігер курстарды толық өтіп, сертификат алып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталмыш жобаны AYALA қайырымдылық қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырады.

Бұл платформа перинаталдық орталықтардан, перзентханалар мен облыстық ауруханалардан қазақстандық дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлеріне неонатология, реаниматология және педиатрия салаларындағы жетекші тәжірибелі мамандардан курстарға тегін және оңай қол жеткізу үшін жұмыс істейді.

Екі жыл ішінде «Өкпені жасанды желдету және нәрестелерге қарқынды күтім жасау», «Неонатологияда электроэнцефалография мониторларын қолдану», «Сурфактантты аз инвазивті енгізу», «Нәрестелердің жіті асфиксиясы және ауыр гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия», «Госпиталдық инфекция.  Жаңа тәсілдер», «Қарқынды терапия бөлімшесіндегі күтімнің негізгі қағидаттары», «Нәресте күтімін дамыту және қарқынды терапия бөлімшесіндегі инфекциялық бақылау» тақырыптары бойынша қазақ және орыс тілдерінде 7 курс өткізілді.

- «Жобаның мақсаты — еліміздің барлық неонатологтары үшін озық тәжірибе мен ыңғайлы онлайн—технологияларды қолдану арқылы жаңа туған балаларды реанимациялаудың инновациялық әдістерін қолжетімді ету. Қазақстандағы неонатологияға маманданған жалғыз қор ретінде AYALA көп жылдан бері «Шеврон» компаниясымен бірге перзентханалар мен перинаталдық орталықтардың дәрігерлеріне өздерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын тегін жетілдіруге көмектеседі. AYALA онлайн—академиясының нәтижелері дәрігерлердің осындай оқыту форматын ұнататынын растайды. Ол ыңғайлы, себебі олардың жұмысының жүктелген кестесіне бейімделген. Курстарға смартфондармен және планшеттермен қол жеткізуге болады», — деп атап өтті AYALA ҚҚ президенті және негізін қалаушы Айдан Сүлейменова.

«Шеврон» компаниясының өкілі, қоғаммен байланыс үйлестірушісі Жанар Қошпанованың айтуынша, «AYALA онлайн—академиясы» қашықтықтан басқарылатын технологияларды қолдану арқылы және іс жүзінде жұмыстан қол үзбей білім алуға мүмкіндік беретін бірегей жоба болып табылады.

 - «Денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды қолдау - «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестицияларының стратегиялық бағыттарының бірі. Біз медицина мекемелеріне алдыңғы қатарлы құрал—жабдықтар сатып алып қана қоймай, білім береміз, жергілікті мамандарды медицинадағы соңғы жетістіктерге үйретеміз. Аяла қорымен бірлесіп, жыл сайын оқыту семинарларын өткіземіз, алайда тренингтерге қатысушылардың барлығына қолайлы уақытты таңдау өте қиын. Осы тұрғыдан алғанда, «AYALA онлайн—академиясы»  - қашықтықтан басқарылатын технологияларды қолдану арқылы және іс жүзінде жұмыстан қол үзбей білім алуға мүмкіндік беретін бірегей жоба, бұл әсіресе, біздің барлығымыз білетіндей, жұмыс кестесі өте тығыз біздің дәрігерлер үшін маңызды», - дейді Жанар Қошпанова.

 2023 жылы платформада офтальмологтар, УДЗ мамандары мен реаниматолог-неонатологтар үшін тағы 4 тегін курс пайда болады.

«AYALA онлайн-академиясы» порталының басымдығы неде?

  • барлық курстар блоктарға бөлінген, бұл материалды игеруге көмектеседі;
  • тіркеуден кейін дәріс ақпаратына қол жеткізу 2 ай бойы ашық тұрады, оны шағын үзінділермен тыңдап өтуге, қажет болған жағдайда жазбаға оралуға болады;
  • әр дәріске таныстырылым материалдары ұсынылады;
  • лектормен кері байланыс мүмкіндігі;
  • әрбір блоктан кейін және курстың соңында міндетті тест тапсырмасы түрінде меңгерілген материалды бақылау көзделген;
  • курсты аяқтағаннан кейін тыңдаушылар сертификат алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив