KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, С
444.32 473.33 4.76

ШҚО-да «Абай әлемі» жобасы жалғасады

Фото: Depositphotos

3.03.2023, 21:01 259 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасын насихаттауға бағытталған «Абай әлемі» жобасы - 2018 жылдан бері жалғасып келе жатқан игі бастаманың бірі.

 «Абай әлемі» жобасының  мақсаты – Шығыстан шыққан ақын-жазушылардың бай мұрасын кеңінен насихаттау. Жоба аясында оқырмандарға  бұрын жарық көрмеген көптеген құнды әдеби мұра ұсынылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Белгілі қаламгерлердің шығармаларымен қатар көптеген жас ақын-жазушының еңбектері де жарияланды. 2018-2022 жылдар аралығында жалпы таралымы 53 мың дана болатын 69 кітап шыққан. ШҚО мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжановтың айтуынша, бұл жұмыс 2023 жылы жалғасын табады. Биыл 6,5 мың дана таралыммен 13 кітап оқырманға жол тартады, ал облыстың кітапханалары 5431 жаңа кітаппен толығады.

– «Абай әлемі» әдеби жобасы биыл да жалғасады. Өңірдегі кітапханалардың қоры қосымша жаңа кітаптармен толыға береді. Жер қарайған соң өнер ұжымдары гастрольдік турмен ауылдарды аралауды бастайды. Біздің мақсат – елдің қиыр шетінде тұрып жатқан ауыл жұртын да өнердің тұнығынан сусындату, – деді басқарма басшысы Нұрболат Ахметжанов.   

Айта кетсек, қазір аймақта 170 кітапхана жұмыс істеп тұр, ондағы кітап қоры 3 миллионнан асады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив