KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Ұлттық экономика министрі Риддерге барды

3.03.2023, 19:39 242 Мадина Амангелдіқызы

Шығысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Риддер қаласында салынып жатқан ауруханада болды.

Министр Риддердегі көпсалалы аурухана кешенінің құрылысымен танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл жоба, әрине, Горняцк қаласының тұрғындары үшін маңызды. Себебі ескі аурухана ғимараты 1939 жылы салынған және қазіргі заманғы талаптарға сай келмейді.

Министр риддерліктерді  толғандыратын сауалға жауап берді.

– Қазіргі уақытта бюджет заңнамасында республикалық бюджеттен аурухана кешенінің құрылысын қаржыландыруға мүмкіндік бермейтін шектеулер бар. Бұл аурухана кешенінің стационары 140 төсек орынға лайықталғандықтан, ал ереже бойынша республикалық бюджеттен қуаты 200 және одан да көп орындық стационарларды ғана қаржыландыруға болады. Менің ойымша, бұл мәселе егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді. Біз Қаржы министрлігімен бірлесіп, Риддер моноқаласына арналған аурухана кешенін салуды республикалық бюджеттен қаржыландыру мүмкіндігі үшін тиісті ұсыныстар әзірлейміз, - деді Әлібек Қуантыров.

Аталмыш жоба бойынша 140 орындық стационар мен күніне 500 келушіге арналған көпбейінді аурухана кешенін салу көзделген.  Жалпы құны 26,6 миллиард теңгені құрайды. Осы жылы Денсаулық сақтау министрлігіне сегіз миллиард теңгеге өтінім жіберіліп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив