KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 6 м/с, З
445.66 474.58 4.78

Алтай ауданында апаттың алдын алу жұмыстары қызып тұр

Шартты сурет

4.03.2023, 10:16 267 Нұржан Кенжеұлы

Алтай ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары әдеттегідей күні бұрын басталып кеткен. Мәселен, алдағы бірнеше күнде аудандағы су арналарында арнайы жарылыс жұмыстары жүргізілмек. Ондағы мақсат өзендер мен көлдердегі мұз кептелісіне жол бермеу.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алтай ауданы әкімінің орынбасары Сергей Охременко айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оның сөзіне сенсек, наурыз айында Алтай ауданындағы Бұқтырма өзенінің қауіпті деген бес учаскесінде профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бұл жұмыстардың нәтижесінде 85 мың шаршы метр мұз ұсақталады деп күтілуде. Аталған мақсатқа облыс әкімдігінің резервінен 151 миллион теңге бөлініпті.

–Бүгінге дейін Зубовка кенті мен Соловьево, Малеевка, Снегирево, Тұрғысын ауылдарында ұзындығы үш мың метрді құрайтын 78 су өткізу нысаны мен бұру каналдарының көпірлерін, арық жүйелерін тазартуға бағытталған іс-шаралар жүргізілді, – дейді Сергей Охременко.

Еске салайық, ақпан айының басында Шығыс Қазақстанда аймақ басшысы Даниал Ахметовтің үкіміне сәйкес, су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі жарияланған болатын.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, биыл әсіресе Алтай, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Тарбағатай, Ұлан және Шемонайха аудандарына қызыл судан төнер қауіп жоғары болып тұр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив