KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

ШҚО-дағы ең қымбат медициналық процедуралар

Шартты сурет

4.03.2023, 12:08 256 Мадина Амангелдіқызы

Кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберіндегі ең қымбат процедуралар жоғары технологиялық операцияларды жүргізу болып саналады. Денсаулық сақтау жүйесінде қымбат деп саналатын бірнеше бағыттар бар, олар: кардиохирургия, нейрохирургия және травматология.

Осындай бағыт бойынша бір операцияны жүргізу бірнеше миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

- 2022 жылдың қорытындысы бойынша өңірде 360 миллион сомаға 86 кардиохирургиялық операция, 500 миллион теңгеге 99 нейрохирургиялық операция жүргізілді. Травматологиялық бағытта қазір тізе және жамбас буындарын ауыстыру бойынша операцияларға ерекше сұраныс бар -  917 миллион теңге сомасына осындай  674  операция жасалды. Бұл хирургиялық араласулардың барлығы азаматтарға медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тегін орындалды, - деді ШҚО бойынша ӘМСҚ филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаев.

Облыста тексерудің қымбат түрлерінің бірі компьютерлік томография жүргізу болып қала береді. Өткен жылы КТ жүргізуге 344 миллион теңге, МРТ – 664 миллион теңге жұмсалған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив